Қазіргі таңда артық салмақ мәселесі бүкіл әлемдегі күрделі мәселеге айналып отыр. Мамандар артық салмақ індетінің жылдам өсуін тағамның калориялы өнімдерінің қолжетімділігінің артуымен және физикалық белсенділіктің төмендеуімен байланыстырады.
Әлемде семіздік жөнінен алғашқы орында АҚШ тұр. Семіздіктен болатын аурулардың алдын алу үшін ел қаражатынан жылына 40 миллиард доллар жұмсалады екен.
Артық салмақ тек америкалықтардың ғана емес, әлемдегі миллиондаған адамның бас ауруына айналған. Жаһанда әрбір алтыншы адам семіздіктің зардабын тартып келеді екен.
Семіздік салдарынан түрлі ауру туындап, адамның өмір жасының қысқаруына әкеп соғуда. Соңғы кезде жүрек, қан тамырлары аурулары мен сусамыр дертінің дендеп бара жатқанына да көп жағдайда артық салмақтың әсері күшті.
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» хабарында салмағы 170 келі болатын кейіпкер қонақта болады. Гүлжан Майынбаева семіздіктің «піл» деген түріне шалдыққан. Дәрігерлердің қойған диагнозы да әртүрлі. Кейіпкер ем іздеуде.