Павлодарда «Кітаптарға жаңа өмір сыйла!» атты қайырымдылық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Кітаптарға жаңа өмір сыйла!» атты қайырымдылық шарасы өтті

17.09.2014
Павлодарда «Кітаптарға жаңа өмір сыйла!» атты қайырымдылық шарасы өтті

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде «Кітаптарға жаңа өмір сыйла!» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Екі күн бойы университетте Кенжекөл ауылында орналасқан отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін канцелярлық тауарлар мен кітаптар жиналды.

Шараның ұйымдастырушысы - оқу орнының әлеуметтік-волонтерлік орталығы.

Қайырымдылық шарасының мақсаты - балалар үйі тәрбиеленушілерінің шығармашылық әлеуеті мен эстетикалық талғамын дамытуға ықпал ету.

«Балалар киімге ғана емес, еркін шығармашылықпен айналысу үшін канцелярлық тауарға, ұшқыр ойлы азамат болып қалыптасу үшін кітаптарға да мұқтаж. Бүлдіршіндерге сыйлық таратып, жақсылық жасауға әркім қатыса алады», - деді орталық жетекшісі, ПМУ-дың Сәулет-құрылыс факультетінің студенті Наталья Ульченко.

 

psu.kz

Хабарламаларға жазылу