«Балаларға өмір сыйла!» деректі фильмі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балаларға өмір сыйла!» деректі фильмі таныстырылды

01.06.2021

Жомарт жандар қайырымдылық үшін 15 жылда бір ғана қор арқылы 6 млрд теңгеден аса қаржы жинаған. Әсіресе, аутизм, сал ауруына шалдыққан сәбилердің еміне көмек көрсетілген. Бұл туралы Алматыда «Балаларға өмір сыйла!» деректі фильмінің тұсаукесерінде айтылды. Туындыда қайырымды жандардың көмегімен сауығып, жаңа өмір бастаған балалардың тағдыры суреттеледі. Қор 15 жыл ішінде бүлдіршіндердің шетелде емделуіне мүмкіндік берді. Медициналық жабдықтар, оңалту құралдары, тамақ, киім-кешек пен дәрі-дәрмек алуға жәрдемдескен.  

Аружан Саин, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, қор басшысы:
Ең басында бұл шара тек бір реттік қайырымдылық акциясы болады деп ойладық. Алайда 15 жыл ішінде 2 мыңға жуық балаға жаңа өмір сыйлауға ат салыстық. 3 мыңнан аса операция жасалды. Арамызда өзгенің ауыр тағдырына бей-жай қарамайтын, мейірімді, жомарт жандардың көп екеніне ризамыз.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу