Ахметжан Есімов Универсиада-2017 нысандарының құрылысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов Универсиада-2017 нысандарының құрылысымен танысты

17.09.2014
Ахметжан Есімов Универсиада-2017 нысандарының құрылысымен танысты

Алматының әкімі Ахметжан Есімов Универсиада-2017 спорттық нысандарының құрылысымен танысты.

Қала басшысы 12 мың және 3 мың орынға арналған екі мұзайдынның құрылысымен танысып, 5 мың орындық атлетикалық  ауылды да аралады.

Қазіргі уақытта 12 мың орындықты іргетасы қаланған.

Атлетикалық ауылдың құрылысы ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында басталмақ. Нысанның құрамына 5 мың орындық жатақхана, қызмет көрсету нысандары, дүкендер, интернет-кафе, тамақтану орындары кіреді.

Сонымен бірге, А. Есімов салынып жатқан құрылыс нысандары халықаралық стандартқа сәйкес келуі керектігін де  айтты. Оның айтуынша, барлық спорт нысаны Универсиада аяқталған соң, ел үшін жұмыс істеуі керек. Жобаларда спорттық және бұқаралық көңіл-көтеру шараларын өткізу қарастырылған, деп хабарлады  strategy2050.kz.

Хабарламаларға жазылу