Қазақтың «Үш бәйтерегі» бейнеленген монеталар айналымға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың «Үш бәйтерегі» бейнеленген монеталар айналымға шығады

25.12.2019
Қазақтың «Үш бәйтерегі» бейнеленген монеталар айналымға шығады

Ұлттық Банк 25 желтоқсанда номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан «Á.Qasteev «Búrkitshi» коллекциялық монеталарын және номиналы 100 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «I.Jansúgirov. 125 jyl», «S.Seifýllin. 125 jyl», «B.Mailin. 125 jyl», «T.Rysqulov. 125 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

«Á.Qasteev «Búrkitshi» монеталарының сипаттамасы:

Монетанда қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеевтің «Бүркітші» картинасы бейнеленген. Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалды.


«I.Jansúgirov. 125 jyl», «S.Seifýllin. 125 jyl», «B.Mailin. 125 jyl», «T.Rysqulov. 125 jyl» монеталарының сипаттамасы:

Бұл монеталар Алаш арыстарының 125 жылдығына арналған.






Хабарламаларға жазылу