Журна­лист Қайнар Олжайдың «Жер мен Аспан ара­сындағы дастан» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журна­лист Қайнар Олжайдың «Жер мен Аспан ара­сындағы дастан» атты кітабы жарық көрді

15.09.2014
Журна­лист Қайнар Олжайдың «Жер мен Аспан ара­сындағы дастан» атты кітабы жарық көрді

Қазақстан Республикасының Еңбек сі­ңірген қайраткері, Президент грантының иегері, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төраға­сының өндіріс жөніндегі орын­басары, журна­лист Қайнар Олжайдың «Жер мен Аспан ара­сындағы дастан» атты кітабы жарық көрді.

Мемлекеттік тапсырыспен «Қазақпарат» баспасынан шық­қан жинақ ҚР Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша оқырманға жол тартты.  

Жаңа топтамаға автордың экологиялық очерк­тер енген және бұл очерктер тұтаса келе бір желіні құрайды. Ол туындылары арқылы оқырманды табиғатқа, ондағы аң-құс пен жануар­ларға, өсімдіктер мен тау-тасқа ыждаһаттылықпен және қамқорлықпен қарауға үндейді.

Сондай-ақ, әлемдік құбылыс­тарды бағалауда арғы-бергі қазақ жы­раулары мен ақындарына, жазушылары мен ойшылдарына жү­гінеді. Сол арқылы ғаламдық мәселелердің біздің дала­мызға ортақ екенін аңғартады.

Айта кету керек, туындыда  ғылыми деректер мен зерттеулер, көне әфсаналар мен аңыздар да қамтылған.

«ЖЕР мен АСПАН ара­сын­дағы дастан» кітабының мазмұнында - «СИЫР төңірегіндегі шиыр», «ШАЯН хақындағы баян», «ТҮЙІР шығарған бүйір», «ОБА айналасындағы дода», «КЕПТЕР жеткізген кептер», «СҰРТОРҒАЙ неткен сұм тор­ғай», «ВЕЛИК ең керемет көлік», «ТАРБАҒАН қайда бармаған», «ЕСЕК шығарған есеп», «ҚОЛТЫРАУЫН көрсетпес қал­тырауын», «АҚ ШЫРАҚ, жыр­ла­йын сені жақсылап», «ПЛАС­ТИК, бітті ғой Жерді лас қылып», «МЫСЫҚ неден пысық?» атты 13 туынды бар.

Кәсіби жур­налист жолсапар очерктерінде Швеция-АҚШ,Түркіменстан-Германия-Франция-Қытай, Тель Авив-Иерусалим, Солтүстік Америка, Копенгаген-Лондон-Венеция, Австрия, Италия, Киев, Ашхабад-Бейжің, Пәкістан-Ауғанстан-Өзбекстан-Қырғыз Республикасында өткен іс-сапар барысы туралы баяндайды.

2000 данамен шықққан жинақ табиғаттың тылсым сырына қанығып, қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

Хабарламаларға жазылу