Отбасы мерекесі күні Көкшетау қаласында бес жұп отау құрды. Бұл туралы Көкшетау қалалық Әділет басқармасы АХАТ бөлімінің басшысы Маржан Жоламанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осынау айтулы мереке - Отбасы күні отау құру - кез келген жастың арманы. Бұл жолы көкшетаулық Н.Бинеев пен Ә.Сарина, И.Симонин мен А.Чинзе, А.Хамзин мен А.Айтмұхаметова, Қ.Әлжанов пен Н.Әбенова және Д.Сарманов пен Р.Ткачтардың некелері қиылды. Жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктері табыс етіліп, жылы лебіздер мен тілектер білдірілді», - дейді Маржан Жоламанова.