Украинада 5 айда 9 мыңнан астам жұп неке қиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада 5 айда 9 мыңнан астам жұп неке қиды

17.08.2022

Қарулы қақтығысқа қарамастан Украина астанасы Киевте үйленгендер көбейді. Ресми статистика бойынша 5 айда 9 мыңнан астам жұп заңды түрде некесін тіркеген.

Аида Әбіл, тілші:

Мәселе шынымен де құпияда емес, құндылықта,- дейді психологтар. Әсіресе соғыс жағдайында адамдар батыл қадамға тәуекел етеді,- деп жауап береді. Расымен, ресми статистика бойынша Қарулы қақтығысқа қарамастан Украина астанасы Киевте заңды некеге тұрушылар қатары 10 есеге дейін артқан. Бес айда отау құрған жұптардың саны 9120 құрапты. Салыстыру үшін - өткен жылы осы мезгілде небәрі 1100 жұп үйленген,- дейді Украина әділет министрлігі.

Евгения Романюк, психолог:

Осындай қиын сәтте адамдар шынайы махаббат үшін тәуекелге барады. Әрине белгісіздік, үрей, қорқыныш бар, сонымен қатар сенім де жоқ емес. Қанша жылдан бері бірге болып келген талай таныс достарым, биыл ғана жаппай некелерін заңды түрде тіркей бастады.

Аида Әбіл, тілші:

Сонымен қатар, Украина бойынша АХАЖ бөлімдерінде неке қиюды тіркеудің оңайлатылған тәртібі жұмыс істейді. Әсіресе, полицейлер, әскерилер мен медицина қызметкерлері неке қиюды онлайн форматында жүзеге асыра алады.

Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу