9 жыл бұрын өскемендік Айгүл Тұңғатароваға дәрігерлер аз ғана ғұмырың қалды, деп сендірген.
«Ауруханадан шығарарда дәрігерлер маған: «Сіздің өміріңізге жауап бере алмаймыз. Көп болса, 3 немесе 6 алты ай ғана өмір сүресіз», деді...», деп еске алады ол.
Аты жаман аурудан да айығуға болады екен. Оның құпиясы неде? Бүгін 17.00-де «Жан жылуы» хабарында ауыр дертті жеңген кейіпкердің қазіргі жағдайымен таныса аласыздар.