Метаболизм синдромын емдеу жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Метаболизм синдромын емдеу жұмыстары басталды

15.10.2014
Метаболизм синдромын емдеу жұмыстары басталды

Отандық дәрігерлерге мәлім де, беймәлім болып келген метаболизм синдромын емдеуге болатыны анықталды. Метаболизм синдромы бірнеше аурудың жиынтығы. Қазан айында осы дертті емдеуге бағытталған арнайы орталық елордамызда тұңғыш рет ашылған болатын.

Метаболизм синдромы дер кезінде емделмесе жүрек-қан тамыр, қатерлі ісік, қант диабеті сынды ауруларға әкелетінін профессор Әлібек Кеннет ескертті. Сондай-ақ, бірнеше жиынтықтан құралған аурудың емдеу жолдарымен де таныстырып өтті.

Әлібек Кеннет, Ұлттық медициналық холдингтің басқарма төрағасы:

Біз өз жұмысымызды алдымен профилактикалық әдістерден бастамақшымыз. Яғни, еліміздегі көптеген асқынған қатерлі аурудың алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл процесс өте күрделі, әрі маңызды, бірнеше сатыдан тұрады. Қазақстан халқы метаболизм синдромымен кеңірек танысып, өміріне қауіпті ауруға қарсы тұруы үшін бірнеше жыл кетеді.

Айғаным АЛИПОВА

Хабарламаларға жазылу