«Агент 007» фильмдерінде жауыз кейіпкер рөлін ойнаған актер қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Агент 007» фильмдерінде жауыз кейіпкер рөлін ойнаған актер қайтыс болды

12.09.2014
«Агент 007» фильмдерінде жауыз кейіпкер рөлін ойнаған актер қайтыс болды

Джеймс Бонд туралы фильмдерде ойнаған актер Ричард Кил 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы AFP Калифорния штатының Френсо қаласының ауруханасындағы дәрігерлерге сілтеме жасап хабарлайды.

Актердің қайтыс болғанын ол ем-дом алған Әулие Агнесса медициналық орталығының дәрігерлері мен оның агенті Стивен Стивенс те растап отыр. Әзірге қазаның себептері белгісіз.

Бойы тым ұзын (2, 18 метр) актер Ричард Кил көбінесе алып немесе жауыз адамдардың рөлін сомдайтын. Ол халыққа металлдан жасалған тістері бар жалданбалы киллер, «Челюсти» лақап есімі арқылы танымал.

Бұл кейіпкер «Агент 007» туралы фильмдерде 1977 жылы пайда болған.

Фото: dni.ru

Хабарламаларға жазылу