11 қыркүйектен бастап, №657/658 Маңғышлақ-Бейнеу жолаушылар пойызы күнделікті қатынауға ауыстырылды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Қозғалыс кестесі: Астана уақыты бойынша Маңғышлақ станциясынан 23 сағат 10 минутта жолға шығады, Бейнеу станциясына 8 сағат 25 минутта келеді. Жолда болу уақыты 9 сағат 15 минутты құрайды.
Кері қарай жол жүруі Астана уақыты бойынша Бейнеу станциясынан 23 сағат 10 минутта, Маңғышлақ станциясына 8 сағат 40 минутта, жол үстінде болу уақыты 9 сағат 30 минутты құрайды.
Купелі вагонында Маңғышлақ станциясынан Бейнеу станциясына дейін жол жүру құны 2 569 теңгені, плацкарт вагонында - 1 679 теңгені, жалпы вагонында - 970 теңгені құрайды.
Құрамның кестесі 6 вагон: 2 купелі, 3 плацкарт, 1 жалпы.