9-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы Орталық саябақтың «Шабыт» амфитеатр сахнасында V мерейтойлық «Оркестрлер шеруі» фестивалі өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы хабарлайды.
9 қыркүйекте – Алматы қаласының эстрадалық-симфоникалық оркестрі. Дирижер: Александр Беляков, орындаушылар: «Кватро» тобы (Мәскеу, Ресей).
10 қыркүйек күні – «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі. Дирижер: Дінзухра Тілендиева, Муслим Амзе.
11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі оркестрі. Дирижерлер: Қанат Ахметов, Александр Беляков.