«Алтын тұлпар» аламан бәйгесін көрсету үшін 7 жылжымалы телестанция мен ғарыштық байланыс станциялары тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесін көрсету үшін 7 жылжымалы телестанция мен ғарыштық байланыс станциялары тартылады

09.09.2014
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесін көрсету үшін 7 жылжымалы телестанция мен ғарыштық байланыс станциялары тартылады

14 қыркүйек күні сағат 11.00-де Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Қабанбай елді мекенінің маңында 43 шақырымдық «Алтын тұлпар» республикалық аламан бәйгесін өтеді.

Бұл үшін 7 жылжымалы телестанция мен ғарыштық байланыс станциялары тартылған. Қазақстан телевизиясының тарихында бұрын-соңды мұндай көп телетехника бір мезгілде бір оқиға болып жатқан жерде шоғырланып, техникалық қызмет көрсетілмеген.

Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан әрқайсысы 10 аттан, барлығы 160 тұлпар қатыстырылады.

Бас жүлде - 10 миллион теңге. Мәреге алғашқыдан кейін тағы жеткен 9 тұлпарға да жүлде бұйырады. Жарыс жеңімпаздары «Құлагер», «Байшұбар», «Қубас», «Қарақасқа», «Ақтабан», «Боз ауыз», «Тайбурыл,» «Көкбурыл», «Шалқасқа», «Тарлан ат» номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Осы шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалды. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді.

Дәстүрлі аламан бәйгесі жарысын өткізу арқылы ұйымдастырушылар еліміздегі ұлттық ат спортына қызығушылықты арттырып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, ұлтжандылыққа үйретуді, сонымен қатар, дәстүрлі ат бәйгесі ұлттық спорт түрінің деңгейін көтеру, мәдениетін жетілдіру, бұқаралық көпшілік спортқа айналдыруды көздейді.

Турнир 14 қыркүйек күні Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Қабанбай елді мекенінің маңында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу