Атырауда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі мен «Дарабоз-2019» турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі мен «Дарабоз-2019» турнирі өтеді

09.10.2019

Атырауда 11-12 қазан күндері ұлттық спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі дода өтеді. Жарыс барысында тұңғыш рет «Алтын тұлпар - Жайық жағасында» V республикалық турнирі де ұйымдастырылмақ. Бүгінде аламан бәйгеге қатысу үшін өңірлерден 40-қа жуық атбегі өтініш білдірген. Әр аймақтан 5 сәйгүлік алынып, оза шапқан тұлпар иесіне 10 млн теңге табысталмақ.

Ал «Дарабоз» халықаралық сайысына қатысушылар 10 түрлі ұлттық спорт түрінен бақ сынайды. Жүлде қоры қомақты - 32 млн теңге.     

Нұрсұлтан Ибрагимов, Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз хатшысы:

Аттардың ірітелуі де ерекше. Енді «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі 2 жылда бір рет ұйымдастырылатын болып шешілді.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу