«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мәресіне жетті

08.09.2014
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мәресіне жетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014 жаңа оқу жылы қарсаңында өткен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мәресіне жетті. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Шара барысында тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға, жетімдерге, жалғысбасты аналардың  балаларына мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешектер үлестірілді.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 1857 бала қатысты. Сондай-ақ, шараға Алматы (897 отбасы), Астана (716), Алматы облысы (817), Ақмола облысы (588), Қарағанды (470), Қызылордадағы  225 отбасына көмек берілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Мектепке жол» акциясы жыл сайын ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу