«Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек көрсетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек көрсетілмек

04.08.2014
«Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек көрсетілмек

Тамыз, қыркүйек айларында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында биыл бірқатар іс-шара өтеді. Соның ішінде «Бірінші сыныпқа бірінші рет» атты қайырымдылық шарасы аясында бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер мен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетілмек. Бұл туралы astana.gov.kz сайты хабарлайды.

Ал, «Мейірімді қолдар» акциясы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін сауда орталықтарында  мектепке қажетті оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнатады.

Сондай-ақ, тамыздың 16 мен 23 аралығында мектеп жәрмеңкесі және «Отбасынан отбасына қолдау», «Баланы мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, № 13, 45, 55 метептерде (06.08, 20.08, 03.09, 17.09) айына екі рет баланы мектепке орналастыру бойынша мамандардың кеңесі мен заңгерлік көмек көрсетіледі.

 

Хабарламаларға жазылу