Астанада «Күзгі тарту» көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Күзгі тарту» көрмесі өтеді

08.09.2014
Астанада «Күзгі тарту» көрмесі өтеді

11-17 қыркүйек аралығында  Астанадағы Конгресс-Холлда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған  «Күзгі тарту» көрмесі ашылады.  Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конгресс-Холл әкімшілігінің хабарлауынша, биыл көрмеде көпшілік назарына Ресейден әкелінген зергерлік бұйымдар, аксессуарлар, елімізде және шетелде шығарылған киім-кешектер, оңтүстіккореялық және үнділік сәнді косметика, кітаптар, аң аулау мен балық аулауға арналған жабдықтар, шай мен балдың ондаған түрі және т.б. ұсынылады.

Көрме сағат: 10.00-20.00 аралығында жұмыс істейді. 

Хабарламаларға жазылу