Халқымыздың танымал спортшыларының қатарында Әмин Тұяқовтың есімі ерекше аталады.
Әмин Тұяқов өткен ғасырдың 60-шы жылдары Олимпиада рекордын жаңаратқан. Ол кісінің сол кездегі көрсеткіштерімен қазіргі спортшылар Әлем чемпионаттарынан медальсыз қайтпайды, дейді қазақ спорт қыр-сырына қанық журналист Қыдырбек Рысбек.
«Әмин Тұяқовтың 60-шы жылдардың басында-ақ 100 метрлікті 10,2 секундта жүгіріп өткен. Яғни, тілмен айтсақ, 2010 жылы Гуанчжоудағы Азия орындарында бірінші орын алуға болады. Ол уақыттарда жағдай басқаша-тын. Әмин қарапайым майка, кедамен қарапайым резеңке төсеніш жолда жүгірді.
Сондай-ақ, ол кездің секундамерлері механикалық еді. Қазіргідей әр қимылды бағып тұратын заманауи құрылғы жоқ. Дәрі-дәрмек, допинг деген нәрсе жоқ. Тек табиғи тамақ, мақта-матадан тігілген майкамен-ақ Әмин ағамыз бірінші келді. Қазіргі майкалардың өзі жел кедергі бола алмайтындай тігілген. Әминнің кигені қарапайым мата»,-дейді журналист.
Даңқты спортшы турасында толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.