Көшеге Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшеге Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді

23.09.2019

Белгілі жазушы,мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай Алматыда қаламгердің атына көше берілді. 

Оның салтанатты ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты. Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаевтың 10 жыл ғұмыры өткен Назарбаев пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы үй қабырғасына мемориалдық тақта қойылды. Онда танымал тұлғалар сөз сөйлеп, заңғар жазушы туралы естеліктер айтты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармасы бірнеше шет тілге аударылған. "Қазақ елінің рухани дамуына айрықша үлес қосып, ұрпаққа мол мұра қалдырған мемлекет және қоғам қайраткерінің есімі елдің есінде мәңгі қалады", - дейді жиналғандар. 

Әмин Тұяқов - Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Әбекеңдей қазақ тілін білетін, әбекеңдей сөйлейтін,әбекеңдей жазатын адамдар азғантай ғана. Міне қазақ халқының үлкен жазушысынсыйлап, үлкен көшеге атын беріп жатыр. Әбекең ешуақытта ұмытылмайды. 

Мына осы көшедежүріп бара жатып, осы көшенің бойында әбекенің рухы тұрады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу