Хезболла тобы да Сириядан жасақтарын шығара бастады

Сирия жерінде, үкімет әскерінің жағында ұрыс салып жүрген ливандық Хезболла тобының жасақтары Шам өлкесін тастап кете бастаған. Бұл туралы Түркияның Анадолу агенттігі хабарлады.
Агенттің ливандық журналист Али әл-Әмин таратқан мәліметтерге сүйене отырып, Хезболла тобының Сирия жерінен шыға бастағанын жазды. Әл-Әмин агенттік тілшісіне: «Хезболла тобына жақын кейбір тұлғалар бұл топтың жасақтарының Сириядан кете бастағанын айтты. Топ жетекшілері Сириядан жүздеген жасақшыларын алып кеткен. Олардың алдыңғы легі үш күн бұрын Сириядан кетті. Қазір Ливандағы отбасыларына оралды»,- деп мәлімдеген.
Әл-Әмин Хезболланың бұл қадамын АҚШ пен Ресей арасындағы келісім нәтижесінде жүзеге асқан іс ретінде бағалап отыр. Ресейдің Сириядан әскерін әкетуге бел байлауы да Хезболлаға әсер еткен. Дегенмен, журналист ливандық қарулы топтың бірқатар жасақшылары Дамаск, Ливанмен шекарадағы Каламун және Зебедани сынды бірқатар аудандарда қалатындығын да айтты.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09