«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Зарина Диас - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Зарина Диас

12.03.2015
«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Зарина Диас

Қазақстандық кәсіпқой теннисші Зарина Диас қазіргі уақытта Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 32 орында тұр.

Ол жекелей сындағы бес рет ITF дәрежесіндегі турнирдің жеңімпазы. 21 жастағы Зарина 2014 жылы «Үлкен дулыға» турнирлерінде жақсы нәтиже көрсетті. Хардта ойнағанды жақсы көретін теннисші қыз 2014 жылы US Open және Australian Open жарысында 3-ші кезеңге дейін жеткен. Ал, «Уимболдон-2014» турнирінде тек 4-ші кезеңде ғана қарсыласына жол берген.

Зарина Диастың қызықты сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатысқанын «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасынан 23:30-да көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу