73 жастағы қария Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

73 жастағы қария Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті

07.09.2014
73 жастағы қария Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті

73 жастағы Оңтүстік Африка елінің кардиохирургі Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен ең егде адам атанды, деп хабарлайды Би-би-си.

Отто Тэнинганың айтуынша, басты қиындық су температурасының төмендігі болған. Ол 1994 жылы алғаш рет 40 шақырымдай қашықтықты жүзіп өткен еді.

Бұдан бұрынғы рекорд 70 жастағы австралиялық Сирил Белдокқа тиесілі болатын.

Хабарламаларға жазылу