Атырауда әлемдік деңгейдегі көрме орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда әлемдік деңгейдегі көрме орталығы ашылады

07.09.2014
Атырауда әлемдік деңгейдегі көрме орталығы ашылады

Атырауда әлемдік дәрежедегі көрме орталығы ашылмақ. Бұл шара Қазақстан мен Ресей президенттері қатысатын аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында жүзеге аспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көрме орталығының аумағы - 3 мың шаршы метр. Атырауда тұңғыш рет әлемдік кластағы көрме орталығы пайда болады. Оның құрылысы барысында сапалы технологиялық тәсілдер қолданылды. Атап айтқанда, өндірістік еден төсеніштерін айтуға болады. Өйткені, ғимарат ішіне ауыр техниканы кіргізумен қатар, көрмеге әкелінген салмақты экспонаттар енгізіледі», - деді «АВS Modular» компаниясының бас диреткоры Руслан Коломиец.

Оның айтуынша, көрме орталығында кафе, конференц-зал, кеңселер  орналасады.

Орталықты 15 қыркүйек күні тапсыру жоспарланған. Ал Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық форумы қыркүйек айының соңында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу