Атырауда әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтың құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтың құрылысы басталды

25.04.2018

Бұл Мұнай және газ университетіне қызмет етпек. Меценаттар есебінен тағы 500 орынға шақталған сауықтыру лагері және оқушылар мен жастар сарайын ашу да жоспарланған. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев журналистермен кездесуінде білім саласындағы жетістіктермен де бөлісті. Биыл 176 робото техника, физика кабинеттері қолданысқа өтеді. Әлеуметтік қолдау ретінде 300 оқу гранты тағайындалды. Ал, өңірдегі материалдық-техникалық базасы мығым білім нысандары мен елді мекендердегі мектептер өзара тығыз байланыс орнатқан. Бірақ, облыста кәріз жүйелері мен қоғамдық тасымал мәселелері өзекті. Нұрлан Ноғаев келеңсіздіктер реттелу үстінде деді. 

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Атырау қаласында 200-дей автобус жүр. Қажеттілігі 400 автобус. Біз бәсекелестік салада болған соң әкімшілік тарапынан мекеме құрып шеше алмай отырмыз. Дегенмен де, қала әкімдігінің өзінің нақты жоспарлары бар. Қазіргі таңда Қостанайдағы, Өскемендегі автобус шығаратын зауыттармен сұраныс беріп қойды, 200-дің үстінде тапсырыс берді. Әрі қарай осы жобаны қалай іске асырамыз. Сонымен жұмыстанып жатырмыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу