Қарттардың кезбе атануына кім кінәлі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттардың кезбе атануына кім кінәлі?

06.09.2014
Қарттардың кезбе атануына кім кінәлі?

Соңғы кезде  үйсіз-күйсіз, далада қаңғып жүрген қарттардың саны артуда. Олар әсіресе, қыс мезгілі жақындаған кезде көзге көптеп түседі.

Далада қалған қарттарды көргенде, бірден еске келетін ой: балалары тастап кеткен немесе ішкілікке салынып кеткендіктен, осындай жағдайға душар болған. Алайда, себеп тек бұл ғана емес...

Бірін балалары қуып жіберген, енді бірінің тағдыры ішімдікке әуестіктен өзгерген болса, тағы бірі туғаннан тұл жетім. Өмірдің сынына шыдас бере алмай, сынып кеткендердің мұндай күйін психолог мамандар «пессимистік психологиясының басым болуынан», деп түсіндіреді.  

Қарттардың кезбе атануына кім кінәлі? Әлде бұл пешенедегі жазу ма? Бүгін 19.45-те «Тағдыр» хабарынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу