Алматыда қоғамдық көлік жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғамдық көлік жетіспейді

07.03.2024

Алматыда қоғамдық көлік тапшы. Осылай деген тұрғындар діттеген жеріне уақытылы жете алмайтындарын айтады. Оқушылар сабаққа кешіксе, ересектер жұмысынан қалады. Әсіресе, таңертең және кешкі уақытта автобусты сағаттап күтуге мәжбүр. Отырғанның өзінде ине шаншар орын болмай қалады, - дейді тұрғындар. Ал, осы уақытта такси бағасы да шарықтап кетеді.

Қазір шаһарда күніне 1 миллион 400 мыңға жуық адам қоғамдық көлікпен жүреді. Мегаполис пен қала сыртындағы елді мекендерге 2400-ге жуық автобус қатынайды. Жолаушыларға 24 тасымалдаушы компания қызмет көрсетеді. Әкімдік мәселені шешу үшін жергілікті бюджет қаражатына былтыр 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алған. Биыл да жүздеген жаңа техника шығарамыз деп отыр.

Азамат Ешанқұл, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:

Тұрғындардың атынан автобустардың жетіспеушілігі бізге ескеріліп жатыр. Соған орай, біз 2024 жылы Алматы қаласына 600 газбен сатып алынады. 100 электроавтобус алынады. Және 100 троллейбус.


Хабарламаларға жазылу