Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:11-де жер сілкінісі тіркелді.
Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 135 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған.
Зілзаланың энергетикалық класы – 10.9. Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV – 4.9.