Ұлттық банк тамыз айын қорытындылады

10.09.2014
Ұлттық банк тамыз айын қорытындылады

Ұлттық валютаның ауытқу бағамы өзгерді. Енді бір доллар үшін теңге бағамының жоғарғы шегі – 185, теңге. Төменгі шегі 170 теңгеге кеңейтіледі. Ал, тамыз айының нәтижесі бойынша инфляция деңгейі 0,4 пайыз болған. Бұл туралы брифингте Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Бас банкирдің айтуынша, Қазақстанның халықаралық резервтері 105 миллиард долларға дейін өскен. Оның ішінде алтын валюта резервтері 27,7 миллиард долларға көтерілген. Тамыз айының нәтижесі бойынша олар 2,8, ал, жыл басынан бері 12 пайызға өсіпті. 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу