Трансфер үшін кім қанша қаржы жұмсады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансфер үшін кім қанша қаржы жұмсады?

02.09.2014
Трансфер үшін кім қанша қаржы жұмсады?

Transfermarkt сайты жазғы трансфер маусымынының қаражатын есептеп шықты.

Бұл есепте Англия премьер-лигасы біріші орында иеленген. Бұл елдің клубтары 1,03 миллиард еуро қаржы жұмсаған. Испания чемпионаты екінші, италияның «А» сериясы үшінші орынға жайғасқан.

Бір қызығы, Англияның екінші деңгейлі Чемпионшип лигасы бұл тізімде 6-шы орынды иеленген. Чемпионшиптағы клубтар жаңа ойыншылар үшін  Португалия, Ресей, Түркия және Катар чемпионаттарынан көбірек қаржы жұмсаған.

1. Англия премьер-лигасы – 1,03 миллиард еуро

2. Испания примерасы – 482 миллион

3. Италия «А» сериясы – 317 миллион

4. Германия бундеслигасы – 284 миллион

5. Франция 1-ші лигасы – 131 миллион

6. Англия. Чемпионшип – 101 миллион

7. Португалия премьер-лигасы – 98 миллион

8. Ресей премьер-лигасы – 73 миллион

9. Түркия суперлигасы – 72 миллион

10. Катар жұлдыздар лигасы – 57 миллион

Хабарламаларға жазылу