Мексикалық боксшы Марко Антони Рубио қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілмейтінін мәлімдеді.
«Геннадий Головкин мықты боксшы, сондықтан онымен айла-әдіс қолданып жұдырықтасу қажет. Яғни, дәл алдынан соққылар жасамай, бұрышқа тақап, оңыннан және солынан құйтырқы соққылар жасау керек. Бірақ, жекпе-жек тең дәрежеде өтетін секілді. Көп боксшы Геннадийдің күшінен қорқады. Меніңше, ең мықты боксшы – Хулио Сезар Чавес немесе Келли Павлик», - дейді Марко Антони Рубио.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антони Рубио арасындағы жекпе-жек 18 қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub стадионында өтеді.