Алматы облысында инновацияны қолдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында инновацияны қолдау орталығы ашылды

02.09.2014
Алматы облысында инновацияны қолдау орталығы ашылды

Алматыда Инновацияны қолдау орталығы ашылды. Бұл туралы «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ хабарлайды.

«Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарушы директоры Өміржан Тәшімовтің айтуынша, аталмыш орталық инноваторлар, өнертапқыштар, кәсіпкерліктер қызметін іске асыруға арналған ашық инновациялық алаңды қамтиды. Бұл дегеніңіз - индустриялық-инновациялық даму субъектілеріне қажетті заманауи қызметтердің, инфрақұрылымдар мен іскерлік кеңістіктердің жиынтығы.

«Инновацияны қолдау орталығы» бірнеше блоктан тұрады. Атап айтар болсақ, «АЭА ПИТ Басқарушы компаниясы» АҚ, «АЭА ПИТ инновациялық компаниялар қауымдастығы» келісімді кеңсесі, «Алатау» технопаркі» ЖШС қызметтік кеңсесі қатысушыларын қолдау кеңсесі мен заманауи көпқызметті кеңсе және Медеу ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдігі.

Жаңа орталықта «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушы компаниялары ретінде қабылданған заманауи әлеуетті жобалар таныстырылды. 

Хабарламаларға жазылу