Жетісу облысында отбасын қолдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында отбасын қолдау орталығы ашылды

16.11.2023

Жетісу облысының Сарқан ауданында отбасын қолдау оратылығы ашылды. Бұл жерде қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Ғимарат облыстық бюджет есебінен барлық қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. 15 орындық жатақханада үйінде жәбір көрген аналар балаларымен келіп, уақытша паналай алады. 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, мамандар тұрғындарға психологиялық қолдау, құжаттарын рәсімдеу, медициналық тексеруден өтуге жан-жақты көмек беретін болады.

Ләззат Әбілханова, орталық директоры:

Отбасылардың құжаттарын реттеп беруге, қиын жағдайларын еңсеруге мысалы психологымыздың жұмысы. Одан кейін ол кісілерді орталығымыз уақытша тұру орталығы болып есептеледі. Құжаттарын жасап, дайындап бергенше қызметкерлеріміз, осы орталықта уақытша тегін тамақпен, жатын орындармен қамтамасыз етіледі.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу