Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып Талғат Байсуфинов тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып Талғат Байсуфинов тағайындалды

24.06.2016
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып Талғат Байсуфинов тағайындалды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды. Бұл қызметке 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарып келе жатқан Талғат Маруанұлы Байсуфинов тағайындалды.

Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен Қазақстан Ұлттық құрамасы үш матч өткізді. Оның шәкірттері Әзірбайжан мен Қытай құрамаларын жеңіп, Грузия құрамасымен тең ойнады.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабына отандық мамандар Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Ферапонтов кірді.

Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы  2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарын бастайды. Алғашқы ресми матч 4 қыркүйек күні Астанада Польша құрамасымен өтеді.  

 

ҚФФ

Хабарламаларға жазылу