Үшінші Алматы марафонында 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үшінші Алматы марафонында 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды

21.04.2014
Үшінші Алматы марафонында 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды

Үшінші Алматы марафонында  дертке шалдыққан екі баланы емдеуге 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Шараның ашылу салтанатында қала әкімі Ахметжан Есімов салауатты өмір салтының маңыздылығын, қала тұрғындары үшін осындай шаралардың мәнділігін атап өтті.  

Марафонға қатысушылар 42 шақырымдық қашықтыққа жүгірді. Ал, балалар үш шақырымнан жоғары қашықтықтарда өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Тұрғындардың басым бөлігі 10 шақырымға жүгірген.  

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 27 мамырда Алматы ұзақ жылдардан бері бұқаралық марафон өткізіліп келе жатқан әлемдегі ірі астаналар трендіне қосылған. Алматыдағы «Бірінші болуға батылдық» атты І қайырымдылық марафонына 2 500 адам қатысқан.   Ал, 2013 жылы шараға 6 мыңнан астам астам қатысқан.    

Осы жылы  «Алматы марафоны» Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығына (AIMS) мүше болып, Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондарымен қатар тұрды.


 

Хабарламаларға жазылу