«Қазақстан» телеарнасы футболдан Ұлттық құраманың Чехия мен Исландияға қарсы ойындарын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасы футболдан Ұлттық құраманың Чехия мен Исландияға қарсы ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

01.09.2015
«Қазақстан» телеарнасы футболдан Ұлттық құраманың Чехия мен Исландияға қарсы ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

2015 жылдың 3 және 6 қыркүйек күндері футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Чехия және Исландиямен ойын өткізеді.  

Екі матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Яғни, көрермендер Чехия-Қазақстан ойынын 3 қыркүйекте (3-нен 4-не қараған түн) Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде тамашалай алады.

Ал, Исландия-Қазақстан матчы 6 қыркүйекте (6-нан 7-не қараған түн) Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу