Гүлмира Дайрабай «Іce bucket challenge» акциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлмира Дайрабай «Іce bucket challenge» акциясына қатысты

27.08.2014
Гүлмира Дайрабай «Іce bucket challenge» акциясына қатысты

Бүгін танымал жүргізуші, Ұлттық арнаның «Таңшолпан» таңғы бағдарламалар тобының жетекшісі Гүлмира Дайрабай дүниежүзілік «Іce bucket challenge» акциясы аясында үстіне мұздай суды құйып, эстафетаны Мейрамбек Бесбаевқа табыстады.

Айта кетейік, «Іce bucket challenge»  қайырымдылық флешмобы тамыз айының 1-жұлдызында АҚШ-та бастау алды. Белгілі актерлер, саясаткерлер, әнші, спортшылар үстілеріне мұздай су құйып, эстафетаны келесі адамға береді.

Сөйтіп, олар айықпас амиотрофикалық склероз ауруына шалдыққан жандарға қайырымдылық көмек жасамақ. Флешмоб талабы бойынша үстіне су құйған адам келесі үш адамның атын атауы керек. Ал егер есімі аталғандар бұдан бас тартса, 100 доллар (АҚШ) көлемінде қаражатты осы ауруды зерттеу қорына аударуға тиіс.

Хабарламаларға жазылу