Франциядағы «Ляфает» галереясы Наурыз мейрамына орай ерекше көрме ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы «Ляфает» галереясы Наурыз мейрамына орай ерекше көрме ұйымдастырды

24.03.2015
Франциядағы «Ляфает» галереясы Наурыз мейрамына орай ерекше көрме ұйымдастырды

Франциядағы «Ляфает» галереясы Наурыз мейрамына орай ерекше көрме ұйымдастырды. Галерея қызметкерлері тіпті, бауырсақ та пісірген екен. Сондай-ақ, галереяға ата-анасымен қыдырып келген балаларға арналған арнайы сыйлықтары да бар.

«Қазақстаннан келетін қонақтарымызға арнайы сыйлықтарымыз бар. Оның үстіне биыл Астана мен Париж арасында тікелей қатынайтын ұшақ болады. Біздің галереяға сіздің елден бұрынғыдан да көп қонақ келеді деп үміттенеміз»,-дейді «Ляфает» галереясының сауда менеджері Аза.

Галереяда қазақылық белгісі тұрсын деген ниетпен тележүргізуші Гүлмира Дайрабай да сыйлық ұсынды. Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу