![«Сенбілік таң» «Үздік қоғамдық-танымдық бағдарлама» аталымы бойынша үздік шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44029.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көрермендерге демалыс күндерін сәтті бастауға жол ашуды мақсат еткен жоба «Үздік қоғамдық-танымдық бағдарлама» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Бағдарлама жетекшісі әрі жүргізушісі - Гүлмира Дайрабай.
Астанадағы «Хилтон» қонақүйінде өткен салтанатты рәсімде үздік жобаға марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікбай Нұрғисаев тапсырды.
Айта кетейік, «Жыл таңдауы» - отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттауға арналған алғашқы шара.
Жеңімпаздар «TNS Central Asia» компаниясының зерттеуі негізінде анықталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сенбілік таң» «Үздік қоғамдық-танымдық бағдарлама» аталымы бойынша үздік шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/93713/)