«Дала дауысының» сайты ашылды
Қазақ радиосының төл жобасы - «Дала дауысы» радиофестиваліне қатысатын үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Байқаудың алғашқы кезеңінде «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша жиырма үміткер бақ сынауда.
Тыңдармандар үздік орындаушыларға интернет арқылы дауыс бере алады. Алғашқы кезеңде көп дауысқа ие болған 5 үміткер келесі айналымға өтеді.
Үздік орындаушыны анықтау мақсатында «Дала дауысының» арнайы сайты ашылды. Сайтта додаға қатысушылар туралы ақпарат көрсетілген.
Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова «Дала дауысы» радиофестивалінің жаңа маусымының ашылуымен құттықтады.
Айта кетейік, радиофестивальдің мақсаты - қазақ әнін әлемдік деңгейде таныту арқылы ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
06.10.2026, 13:17
11 өңірде жылу маусымы басталды
06.10.2026, 13:15
Өкпе обасы: Еуропа Одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 13:12
Сарапшы: Реформа – елдегі демократияны дамытуға бағытталған нық қадам
06.10.2026, 13:09
Тамыздағы тасқын кезінде жоғалып кеткен мыңдаған адамды іздеу операциясы аяқталды
06.10.2026, 13:06
Ұстаздық – әулет дәстүрі
06.10.2026, 13:05
Оман Сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті
06.10.2026, 13:00
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21