Бурабайда «Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық велошеруі өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда «Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық велошеруі өтті (ФОТО)

23.08.2014
Бурабайда «Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық велошеруі өтті (ФОТО)

Бүгін Бурабай шипажай аймағында «Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық велошеруі өтті. Аталмыш велошеру биыл екінші рет ұйымдастырлып отыр. Велошерудің негізгі мақсаты – Көкшетау қаласындағы облыстық перинаталды орталықтың балалар жансақтау бөлімін кеңейтуге қажетті қаражаты жинау болатын.

Шараны қолдау мақсатында велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, «Astana Pro Team» командасының капитаны, «Тур де Франс – 2014» жеңімпазы Винченцо Нибали және команда мүшелері – Микеле Скарпони, Якоб Фульсанг, Дмитри Груздев, Максим Иглинскийлер қатысты. Велошеруге қатысқан 200-ге жуық адам 30 шақырым қашықтықты басып өтті.

«Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық шарасындағы Көкшетау қаласындағы облыстық перинаталды орталықтың балалар жансақтау бөлімін кеңейтуге 12 миллион теңге қаражаты жинау керек болатын. Алайда қайырылымдылық акциясынан 87 миллион теңге жиналды. Ал, былтырғы «Rixos Borovoe – 2013» қайырымдылық шарасында 11,5 миллион теңге жиналған еді. 

Хабарламаларға жазылу