Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан Александр Винокуров марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан Александр Винокуров марапатқа ие болды

21.08.2014
Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан Александр Винокуров марапатқа ие болды

Лондон Олимпиадасының чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров Қазақстандағы дене тәрбиесі мен спорт ісін дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін арнайы марапатқа ие болды.

Арнайы белгіні бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшыға табыстады.

«Ниетіңізге, сыйлығыңызға зор алғыс білдіргім келеді. Ол менің медаль жинағымды кеңейте түсетін болды. Бұл награданы сіздің қолыңыздан алғаныма қуаныштымын және сізді қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймын», - деді Александр Винокуров.

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы кездесу барысында қазақстандық команданы және оның капитаны Винченцо Нибалиді Тур-де-Франс көпкүндігіндегі тамаша жеңістерімен құттықтады.

«Мен Астанаға келгеніме өте қуаныштымын және команда мүшелерінің қолтаңбасы қойылған көшбасшының сары жейдесін сізге сыйлағым келеді», - деді Винченцо Нибали.

Хабарламаларға жазылу