Астанада Ұлы Абайдың 169 жылдығы аталып өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ұлы Абайдың 169 жылдығы аталып өтпек

21.08.2014
Астанада Ұлы Абайдың 169 жылдығы аталып өтпек

23 тамыз -  қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 169 жыл. Бұл күнді астаналықтар кең көлемде атап өтпек. Негізгі іс-шара ақын ескерткішінің алдында өтеді.

Айтулы күнге орай, қалалық Тілдерді дамыту басқармасы «Абайдың ән әлемі» атты арнайы бағдарлама  әзірлеуде.

Шарада ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ақын шығармаларынан үзінділер оқылады. Сондай-ақ, Кенжеғали Мыржықбай, Гүлзира Бөкейхан, Ерлан Рысқали сынды ҚР Еңбегі сіңген әртістер Абайдың танымал әндерін орындайды.  

Кешке зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады, деп күтілуде.

 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу