Алматыда street workout алаңы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда street workout алаңы ашылды

21.08.2014
Алматыда street workout алаңы ашылды

«World Class Almaty» фитнес-клубы 2014 жылдың 13 мамырында  Алматы қаласында street workout спортына арналған тегін алаң ашқан болатын. Ал, енді 22 тамыз күні Алматының мәдениет және демалыс Орталық алаңында тағы бір осындай алаң ашылмақ.

400 шаршы метрге орналасқан алаңда көптеген турник, қырлы бөрене, шведтік қабырғалар және басқа да құрылғылар орнатылған.

Енді осындай алаңдар қаланың көптеген жерінде пайда болады деген болжам бар.

Street workout спортына арналған осындай алаңдар халықтың кез келген тұрғынына жетімді. Бұл жоба салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамытуға, денсаулығы мықты халық қалыптастыруға бағытталған.

 

Хабарламаларға жазылу