«Биылғы жыл жемісті болғалы тұр. Екі кітабымды дайындап жатырмын. Қыркүйек айында жарық көреді. Сонымен қатар, Өзбекстанда 1926 жылы шыққан «Ақ жол» деген газеттің биыл 10 томы жарық көрді. Бұл – Алаш қайраткерлерінің еңбегін паш ету. Газеттің бас редакторы – Сұлтанбек Қожанов болған. Сондай-ақ, Иса Тоқтыбаев, Міржақып Дулатовтар «Қазақ» газеті жабылып қалғаннан кейін «Ақ жолды» қолға алған. Осы газеттің томдықтарының шығуын өзіме мақтаныш санаймын»,-дейді «Таңшолпанда» қонақта болған ақын Ханбибі Есенқарақызы.
Өткір мінезі жырларынан көрініс тауып тұратын ақын: «Жолымда кедергілер көп болды. Бірақ, бұл менің турашылдығымнан деп ойламаймын. Әр адамның өзіне тән мінезі болады. Мен де әр уақытта шындықты айтуға тырысамын. Мүмкін кедергілер осыдан болатын шығар. Алайда, мен оны көңіліме алмаймын. Бір кедергінің соңында тағы бір кедергі болса да, шындық түбінде жеңеді»,-дейді ақын.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.