Бас прокуратура референдумға қатысты үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура референдумға қатысты үндеу жариялады

03.06.2022

Еліміздің бас прокуратурасы да референдум алдындағы тыныштық күніне орай қазақстандықтарға үндеу жолдады.

"Үгіт насихаттың аяқталуымен қатар қоғамдық пікірдің нәтижелерін, референдумның болжамдарын жариялауға, референдумнан бір күн бұрын немесе сол күні тыйым салынады. Осы күндері үгіт жүргізілген жағдайда жауапкершілік қаралған. Азаматтар бірнеше рет немесе басқа біреу үшін дауыс берсе және комиссия мүшелері соған ықпал етсе заңмен жауапқа тартылады. Прокуратура референдумға дайындық пен оны өткізудің заңдылығын қадағалайды. Сондай-ақ, азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен ақпарат құралдарын қолданыстағы заңды қатаң сақтауға шақырады"  делінген хабарламада.


Хабарламаларға жазылу