WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыдасы мексикалық Марко Антонио Рубио болуы мүмкін.
Бұл туралы мексикалық боксшы твиттерінде: «Егер, Мигель Котто менімен жекпе-жек өткізбейтін болса, онда мен 18-ші қазан күні Геннадий Головкимен жұдырықтасам», - деп жазған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин биыл екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де жеңіске жеткен болатын. Жыл басында ганалық Осуману Адаманы жеңсе (1-ші ақпан, Монте-Карло, Монако), өткен айда австралиялық Дэниэл Гилді нокаутқа түсірді (27-шілде, Нью-Йорк, АҚШ).