Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының жаңа басшысы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының жаңа басшысы тағайындалды

03.10.2014
Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының жаңа басшысы тағайындалды

Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жаңа басшысы тағайындалды. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының  директорының орнын бұрын мәдениет және спорт вице-министрінің қызметін атқарған Асқар Бөрібаев басты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлайды.

Асқар Ысмайылұлы Бөрібаев еңбек жолын 1979 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы ретінде бастады.

Мәдениет саласындағы қызметі барысында ішекті квартет, «Кончертоне» камералы оркестрін құрып, әлемнің 30 мемлекетінде өнер көрсеткен. Оның басшылығымен классикалық музыканың «Жазғы түндегі түс», джаз музыкасының «Астана блюз», ұлттық музыканың «Сарыарқа», халық биінің «Қос алқа», «Театр әлемі» шығармашылық жобалары жүзеге асырылды.

2007 жылы ҚР Үкіметінің Өкімімен ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрінің лауазымына тағайындалып, бұл қызметті аз ғана үзіліспен 2014 жылдың 1 қазанына дейін атқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу