Швеция Ұлттық құрамасының және франциялық «ПСЖ» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович өз елінің мүмкінгі шектеулі спортшыларының Әлем чемпионатына баруы үшін 50 мың АҚШ долларын берген.
«Футболдан Әлем біріншілігіне бара алмағаныма қатты өкінемін. Бразилияға футбол құрамамыз бара алмаған соң, мүмкіндігі шектеулі спортшылар баруы тиіс деп, өз-өзіме уәде еттім. Қажетті қаржының барлығын толық бердім. Енді мен өзімді Әлем чемпионатына барғандай сезінемін», - дейді Златан Ибрагимович.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Әлем чемпионаты 11-25 тамыз күндері Бразилияда өтеді.