Қарағанды облысында қайырымды жандар мүгедек балаға екі бөлмелі пәтер сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қайырымды жандар мүгедек балаға екі бөлмелі пәтер сыйлады

17.04.2018

Сәтбаев қаласының тұрғыны Ержан Амантай туабітті сүйек ауруына шалдыққан. Сондай-ақ, «Мейірім шуағы» деп аталған шарада мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған 45 балаға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл акция Астана қаласының 20 жылдығы мен Сәтбаев қаласының 45 жылдығына арналды. Шараға Қазақстан xалқы Ассамблеясының өңірлік қайырымгерлер мен меценаттар клубы мен жергілікті билік қолдау көрсетті.

Ерлан Құсайын, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

- Жалпы, 2017 жылдың өзінде 300-ге тарта шара өткізіліп, 400 миллион теңгеден аса қаражат бөлініп, 5 мыңнан аса адамға ҚХА қайырымгерлер клубы тарапынан көмек берілді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу